Ата-аналарға кеңес. » «HappyLand» балабақшасы»
«HappyLand» балабақшасы»
«Kubikids» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Алматы, Алатауский р-н, мкр.Айгерим-1, Степная 11А
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 316-52-32
Есепші бөлімі:
+7(707) 316-52-32
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2022

Ата-аналарға кеңес.

Ата-аналарға кеңес.

  • Бала сіздің алдыңызда кінәлі емес. Дүниеге келгені үшін, сіздердің қосымша қиыншылық көргендерің, сендердің өмірден күткендеріңнің ақталмағаны. Бала сіздің ауыртпашылыңызды шешуге құқылы емес.
  • Бала сіздің жекеменшігіңіз емес, ол да жеке тұлға. Баланың жеке ұстанымдарын өзгертуге, және де оның өмірін өз ойыңызға өзгертуге сіз құқылы емессіз. Сіздің қолыңыздан келетіні тек баланың жеке қызығушылықтарын, ұстанымдарын қолдап, оның жүзеге асуын қадағалау.
  • Сіздің балаңыз әр дайын тәртіпті болмайды. Оның бойындағы қиаңқылық және де отбасы мүшесі екенін мойындаған жөн.
  • Баланың көптеген мінезіндегі қияңқылық әрекеттеріне көбіне өзіңіз кінәлісіз. Сіз уақытында бұны мойындаған жоқсыз. Өз күш-қуатыңызды және уақытыңызды бөлген жоқсыз. Қысқасында,баланың жан дүниесін түсінуге тырысқан жоқсыз.
  • Сіз әрқашан баланың бойындағы жақсы қасиеттерге сену керексіз. Және де алда болатын жақсы қасиеттерге сенуге қажетсіз. Әр дайын баланың бойындағы жақсы қасиеттерге сену керексіз.
hello_html_bf93542.jpg









Құрметті ата - аналар!

Ештеңеге қарамастан балаларыңызды қатты жақсы көретіндеріңізді сездіруге тырсыңыздар.

Шамасынша көп уақытты балаларыңызбен өткізуге тырысыңыздар. Олардың істеген істері сіздерге маңызды екенін білдіріңіз. Балалармен олардың қызығушылықтары, спорт жайлы әңгімелесіңіздер.

Балалармен сөйлескен кезде «Өскесін түсінесің» немесе «Бұл туралы білу саған әлі ерте» деген сияқты тыйым сөздерді айтпаңыздар.

Балалармен араласқан кезде ережелерге байланысты тыйым шекараларын қадағалаңыздар, өз балаларыңызға үлгі болыңыздар. Қоршаған адамдарға жақсы көзқараспен қарауларына ықпал етіңіздер.

Алдарына қойған мақсаттарының орындалу мүмкіндігі барына көздеріңізді жеткізіңіздер. Уақыттарын дұрыс пайдалануға көмек беріңіздер. Өз өміріңіздің тәжірибелерімен бөлісіңіздер.

Пайда болған мәселені баланы кінәлі көрмей шешу қажет. Балаларды жаман сөздермен ренжітпеңіздер. Өз балаларыңызды жақсы көріңіздер, себебі ата - ананың махаббаты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі


hello_html_7f9491e3.jpg



Ата-аналарға психологиялық кеңес

"Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек"
АБАЙ.
Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.
Психологаялық көмектің бағыттары.
Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.
Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.
Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.
Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.
Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды.
Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дhello_html_1ecd0ab.jpgегіміз келеді.







Ата-аналарға кеңес

Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт. Баласының бұл мінезіне есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады.
Жасқаншақтық мінез баланың әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн.
Баланың сәл-пәл атқарған жақсы істерін қолдап, бойында өзіне деген берік сенімді орнықтырып,қолға алса кез келген істі атқара алатынына, басқалардан ешқандай кемістігі жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек. Баланың өтпелі кезеңде, одан кейін де талай проблемаларға килігетініне көзін жеткізіп, өмірдің бірыңғай жақсылықтан тұрмайтынына, сонымен қатар кемшілік атаулының барлық адамның бойында болатынына көзін жеткізуге тырысқаны абзал.
 Біріншіден, мұның өзі негізгі нәрсе – «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.
 Екіншіден, сіздің балаға деген нұсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.
Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.
Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.
Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады. Осындай жағдайда сынып оқушыларының,мектеп ұжымының, сынып жетекшісінің рөлі зор. Бұндай оқушыға өмір жайлы көп айту қажет.
Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. Макаренко Н. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.
Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.
Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.
hello_html_2397c8f1.jpg